2022 жылғы 30 наурызда Ортсайлаукомның отырысы өтті

2022 жылғы 30 наурызда Ортсайлаукомның отырысы өтті

2022 жылғы 30 наурызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық заңның 11 бабының 2 тармағына сәйкес Ортсайлаукомның хатшысы болып Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы сайланды.

Мұхтар Ерман ү.ж. 30 наурызда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі арқылы Ортсайлауком мүшесі болып тағайындалған.

Бұған дейін Ортсайлауком хатшысы қызметін атқарған Щегорцова Анастасия Геннадьевна ҚР ОСК мүшесі ретінде қызметін жалғастыра береді.






Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел.: 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz