
2022 жылғы 29 наурызда Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 46-бабының 2-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісінің депутаты Авершин Константин Викторовичке куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыс етті.
Тапсыру барысында ол Константин Авершиннің Алматы қалалық мәслихатындағы белсенді депутаттық қызметін атап өтті.
Нұрлан Әбдіров: «Сіз «Мен Алматылықпын» қоғамдық қозғалысының негізін қаладыңыз және жетекшісі болып табыласыз. Өзіңіздің біліміңіз, кәсіби тәжірибеңіз, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға деген ұмтылысыңыз Сізге Парламент Мәжілісінде де тиімді қызмет ете беруіңізге ықпал ететініне сенемін» - деп атап өтті.
Сөзінің соңында ОСК Төрағасы Константин Авершиннің депутаттық корпус құрамындағы жаңа жұмысына табыс тіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
tel. 75-21-03, 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz