
2022 жылғы 14 наурызда Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 46-бабының 2-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісінің депутаттарына куәліктер мен омырауға тағатын белгілерді табыс етті.
Тапсыру барысында Нұрлан Әбдіров Гаухар Нұғыманова мен Магеррам Магеррамовтың кәсіби тәжірибелерін, сондай-ақ олардың қоғамдық-саяси саладағы елеулі үлесін атап өтті.
ОСК Төрағасы «Сіздердің белсенді жұмыстарыңыз еліміздің депутаттық корпусының одан әрі тиімді қызметіне ықпал ететініне сенемін» - деп атап өтті.
Сөзінің соңында Нұрлан Әбдіров Парламент Мәжілісінің депутаттарына заң шығару жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.