Анонс

Анонс

Ү.ж. 10-11 наурыз аралығында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Ақмола облысына жұмыс сапары болады.

Жұмыс сапары шеңберінде Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің келесі кездесуі жоспарланып отыр:

1) ү.ж. 10 наурызда сағат 16:00-де Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу.

Кездесудің өтетін орны: Домбыралы ауылы, орта мектеп.

2) ү.ж. 11 наурызда сағат 10:00-де саяси партиялардың, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен сайлау процесі мәселелері бойынша кездесу.

Кездесудің өтетін орны: «Bolashaq saraiy», Көкшетау қ., Көктем
ш/а 9/1.

3) ү.ж. 11 наурызда сағат 14:30-да Ақмола облысының жастарымен кездесу.

Кездесудің өтетін орны: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Университеті, Көкшетау қ., Абай көшесі, 76.

4) ү.ж. 11 наурызда сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ақмола облысы бойынша филиалының тындаушыларымен кездесу.

Кездесудің өтетін орны: Көкшетау қ., Абай көшесі, 87 б.

Аталған іс-шараларға БАҚ-ты аккредиттеу 2022 жылғы 10 наурыз сағат 13:00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) +7 702 103 67 82;
+7 (7162) 40 11 69 телефондары арқылы жүргізіледі.






Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz