
Ү.ж. 28 ақпанда ҚР ОСК мүшесі Е.С. Дауылбаев «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының орталық мемлекеттік және жергілікті өкілді органдардың басшыларымен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу қорытындыларын, сайлау барысында анықталған өзекті мәселелерді талқылау, аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелерін талқылау бойынша кездесуі» тақырыбына «Өңір» депутаттық тобының отырысына қатысты.
Отырысқа қатысушылар аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу барысында айқындалған проблемаларды талқылады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Өңір» депутаттық тобының қызметі өңірлердің дамуына жәрдемдесуге бағытталған.