Қазақстан Республикасынан 2022 жылғы 27 ақпанда өтетін Беларусь Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі жөніндегі республикалық референдумға жіберілетін байқаушылардың тізімі бекітілді

2022 жылғы 21 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Беларусь Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі жөніндегі республикалық референдумды байқауға қатысу үшін Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың кандидатуралары бекітілді.

Беларусь Республикасындағы референдумды байқауға ТМД, ШЫҰ байқаушылар миссияларының құрамында, сондай-ақ Беларусь Республикасының Сайлау және республикалық референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссиясының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының 7 өкілі қатысады.

Сонымен қатар, ТМД ПАА байқаушылар делегациясының құрамында Қазақстан Республикасы Парламентінің 2 депутаты қатысады деп жоспарлануда.

Беларусь Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдум 2022 жылдың 27 ақпанына тағайындалды. Референдумда мерзімінен бұрын дауыс беру 2022 жылғы 22-26 ақпанда өтеді.