ҚР ОСК Эмин Надиров пен Камиля Зинелгаппарованы жеңістерімен құттықтайды!

ҚР ОСК Эмин Надиров пен Камиля Зинелгаппарованы  жеңістерімен құттықтайды!

Ү.ж. 2 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында қазақстандық студенттер Эмин Надиров (Каспий университеті) және Камиля Зинелгаппарова (Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті) ТМД құрама командасы қатарында Халықаралық ғылыми пікірсайыста жеңіске ие болды.

Ғылыми пікірсайыс ТМД ПАА ДДМХИ ұйымдастыруымен «Жастар парламентаризмі ТМД елдерінің тұрақты саяси дамуы мен әріптестігінің негізі» Халықаралық жастар мектебінің шеңберінде өтті.

Ү.ж. қыркүйекте Э.Надиров пен К.Зинелгаппарова ҚР Ортсайлауком ТМД ПАА ДДМХИ және Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығымен бірлесіп өткізген ТМД ПАА қатысушы мемлекеттерінің жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы «Әлем мемлекеттерінің сайлау жүйелері» Интернет-олимпиадасы ұлттық кезеңінің жүлдесіне ие болды.

Ғылыми пікірсайстың Халықаралық қазылар алқасының құрамында
ҚР ОСК аппаратаның Электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары Т.Ж. Рыспеков жұмыс атқарды.

https://iacis.ru/novosti/institut_monitoringa_razvitiya_demokratii_mpa_sng/mezhdunarodnaya_molode