2021 жылғы 28 қарашада өтетін Қырғыз Республикасының парламенттік сайлауына жіберілетін Қазақстан Республикасынан байқаушылардың тізімі бекітілді

2021 жылғы 28 қарашада өтетін Қырғыз Республикасының парламенттік сайлауына жіберілетін Қазақстан Республикасынан байқаушылардың тізімі бекітілді

2021 жылы 22 қарашада Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауын байқауға қатысу үшін Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың кандидатуралары бекітілді.

Қырғыз Республикасындағы парламенттік сайлауын байқауға ТМД, ШЫҰ, ТМҰ, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ байқаушылары миссияларының құрамында, сондай-ақ Қырғыз Республикасының сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының 37 өкілі қатысады.

Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауы 2021 жылғы 28 қарашаға белгіленген. Жогорку Кенешке 90 депутат сайланады, оның 54-і пропорционалдық жүйе арқылы бір жалпыұлттық сайлау округі бойынша, 36-сы бір мандатты округтер бойынша бес жыл мерзімге сайланады.