ҚР ОСК Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисімен бірлесіп семинар-тренинг өткізді

ҚР ОСК Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисімен бірлесіп семинар-тренинг өткізді

2021 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарламалар офисімен бірлесе отырып, «Сайлауды байқаудың халықаралық стандарттары» атты семинар-тренинг ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – түрлі халықаралық ұйымдар миссияларының құрамында шет мемлекеттерге сайлауға халықаралық байқаушылар ретінде баратын мемлекеттік органдардың, сайлау комиссияларының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін оқыту.

Семинар-тренинг жұмысының шеңберінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлау жөніндегі аға кеңесшісі Алексей Громов және Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы төрағасы Юрие Чокан сияқты халықаралық сарапшылар сөз сөйледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушылары 2021 жылы Арменияда, Ресей Федерациясында, Грузияда, Өзбекстанда өткен сайлауды байқау тәжірибесімен бөлісті.

Өткізілген іс-шараның қорытындылары бойынша нәтижелі пікір алмасу, сондай-ақ қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Аталған семинар жыл сайын 2008 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарламалар офисінің жобалау қызметі шеңберінде өткізіліп келеді.