
2021 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «Сайлауды байқау және әлеуметтік желілердегі сайлау науқандары» туралы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның онлайн-семинарына қатысты.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ онлайн-семинарына ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің ресми делегацияларының, сайлау органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының, халықаралық ұйымдардың, ЕҚЫҰ институттарының өкілдері, сондай-ақ бірқатар халықаралық сайлау сарапшылары қатысты.
Семинар әлеуметтік желілердегі сайлау науқандарын жүргізу міндеттемелеріне, стандарттары мен тәжірибесіне шолу жасауға, сондай-ақ сайлауды әлеуметтік желілерде байқау мәселесін қарауға арналды.
Семинар соңында оның жұмысының қорытындылары шығарылды, онда іс-шараға қатысушылар демократиялық сайлау өткізу саласындағы ЕҚЫҰ міндеттемелерінің, басқа да халықаралық міндеттемелер мен стандарттардың рөлін одан әрі нығайтудың маңыздылығын, сондай-ақ сайлау процесін ұйымдастыру бойынша ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер арасында кеңінен диалог жүргізуге жәрдемдесудің маңыздылығын атап өтті.