2021 жылы 12 қазанда Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Өзбекстан Республикасының Президенті сайлауын байқауға қатысу үшін Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың кандидатуралары бекітілді.
Өзбекстан Республикасындағы президенттік сайлауды байқауға Қазақстан Республикасының 37 өкілі ТМД, ШЫҰ, Түркі кеңесі, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ байқаушылары миссияларының құрамында, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шақыруы бойынша қатысады.
Өзбекстан Президентінің сайлауы 2021 жылғы 24 қазанға белгіленген. Өзбекстан Республикасының қолданыстағы Сайлау кодексіне сәйкес, Өзбекстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге сайланады. Елдегі ең жоғары лауазымға Өзбекстанда әрбір тіркелген саяси партиядан бес адам-үміткер. Мерзімінен бұрын дауыс беру 2021 жылғы 14-20 қазан аралығында өтеді.