
2021 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бас консультанты, саяси ғылымдарының докторы, профессор В.А. Жексембекова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясында «Соттар мен БАҚ-тың өзара іс-қимылы: жағдайы мен болашағы» тақырыбында онлайн-дәріс оқыды.
Онлайн-дәріс барысында сот органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылының негізгі қағидаттары, БАҚ өкілдері үшін сот ақпаратының жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, сот органдарының қызметін ақпараттық жария ету мәселелері қаралды.
Өткізілген оқыту іс-шарасының қорытындысы бойынша В.А. Жексембекова дәріс тақырыбы бойынша тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.