Қазақстанның өкілдері Украина халық
депутаттарының сайлауын байқауға қатысады
2019 жылғы 19 шілдеден бастап 22 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының 6 өкілі Украина халық депутаттарының сайлауын байқауға қатысады, олардың үшеуі Украина Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен, үшеуі - ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құрамында.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясынан байқаушылар делегациясын Төраға орынбасары К. Петров басқарады.
Қазақстан Республикасының өкілдері Киев қ., сондай-ақ Днепропетровск, Запорожье, Сума облыстарында байқау жүргізетінін атап көрсеткен жөн.
Украина халық депутаттарының сайлауы 2019 жылғы 21 шілдеде өтеді.