О ходе избирательной кампании в Жамбылской области

О ходе избирательной кампании в Жамбылской области

Жамбыл облысында алда болатын Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізуге дайындық жұмыстары жалғасуда.

Аумақтық сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына дайындық жүргізу және оны өткізу шараларын жүргізуде. Іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық кандидаттар үшін үгіт материалдарын орналастыратын орын белгіленді, сондай-ақ кандидидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізулері үшін де орын берілетін болады.

Аумақтық сайлау комиссиялары сайлаушылардың тізімін нақтылау және түзету, сондай-ақ азаматтардың өтініштері бойынша оларды тіркелген орындарындағы сайлаушылар тізімінен шығарып, дауыс беретін учаскедегі сайлаушылардың тізіміне енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда.

Бұдан басқа, жеке бас куәлігіне штрих-кодттарды жапсыру жұмыстары жасалуда.

Басылып шығарылған штрих-кодтардың ғана саны 24 мыңнан асады.

«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік техникалық орталығы» Респбуликалық мемлекеттік кәсіпорынының техникалық мамандары арнайы жабдықты тестілеу жұмыстарын жүргізуде.