2021 жылғы 11 шілдеде Молдова Республикасында өтетін кезектен тыс парламенттік сайлауға жіберілетін Қазақстан Республикасынан байқаушылардың тізімі бекітілді

2021 жылғы 11 шілдеде Молдова Республикасында өтетін кезектен тыс парламенттік сайлауға жіберілетін Қазақстан Республикасынан байқаушылардың тізімі бекітілді

2021 жылғы 3 шілдеде Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Молдова Республикасы Парламенті депутаттарының сайлауын байқауға қатысу үшін Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың кандидатуралары бекітілді.

Молдова Республикасы Парламенті депутаттарының сайлауын байқауға ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында және Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының 4 өкілі қатысады.

2021 жылғы 11 шілдеде Молдова Республикасында кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді.

Молдова Республикасының Парламенті 4 жыл мерзімге аралас (мажоритарлық пропорционалды) сайлау жүйесі бойынша сайланады. Молдова Республикасының Парламенті 101 депутаттан тұрады.






Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Баспасөз қызметі

тел. 75-21-03, 75-23-69

a.khusainova@election.gov.kz

v.zheksembekova@election.gov.kz