Қарағанды қаласында «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы» семинар-кеңес өтті

Қарағанды қаласында «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы» семинар-кеңес өтті

2021 жылғы 15 маусымда Қарағанды қаласында «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы» семинар-кеңес өтті.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі А. Щегорцова, аппарат қызметкерлері Г. Кембаева мен М.Қаныбеков сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Семинар-кеңес барысында сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері, сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ пандемия жағдайында ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауды өткізу мәселесі қаралды.

Семинар қорытындысы бойынша пікір алмасылды.




Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Баспасөз қызметі

тел. 75-21-03, 75-23-69

a.khusainova@election.gov.kz

v.zheksembekova@election.gov.kz