Ортсайлауком Төрағасының орынбасары К. Петров Ақтөбе қаласында өткен семинарға қатысты

Ортсайлауком Төрағасының орынбасары К. Петров Ақтөбе қаласында өткен семинарға қатысты

2021 жылғы 16-18 маусымда Ақтөбе қ. «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалаларын, ауылдарын, кенттерін, ауылдық округтерін әкімдерін сайлау: сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» Ақтөбе облысының аумақтық сайлау комиссияларының өкілдеріне арналған семинар-оқыту өтті.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары К. Петров, аумақтық сайлау комиссияларының, сондай-ақ сайлау процесін ұйымдастыруға тартылған жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Семинар-оқыту мотивациялық дәрістер, стратегиялық сессиялар, интерактивті пікірталастар, тренингтер мен практикалық тапсырмалар түрінде өткізілді.

Семинар барысында қатысушылар сайлау науқанының құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілерін, сайлау комиссияларының өкілеттіктері мен жұмыс ерекшеліктерін, сондай-ақ сайлау кезеңінде олардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді, сайлау науқанын қаржыландыру, мүмкіндіктерктері шектеулі адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және пандемия жағдайында әкімдер сайлауын өткізу мәселелерін қарады.

Семинар қорытындысы бойынша сертификаттар табысталды.