
Ағымдағы жылдың 18 маусымында Ақтау қ. «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы» семинар-кеңес өтті.
Семинар жұмысына Ортсайлауком мүшесі Е.Дауылбаев, ОСК аппаратының БАҚ және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі А. Тәжиева, аумақтық сайлау комиссияларының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасындағы жаңалықтар, сайлау науқанының құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі, сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ пандемия жағдайында әкімдер сайлауын өткізу мәселелері қаралды.
Семинар қорытындысы бойынша пікір алмасылды.