
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында дауыс беру күні қарсаңында ҚР ОСК мүшелерінің Беларусь пен Ресей Одағының Парламенттік жиналысының өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров халықаралық байқаушыларды ағымдағы сайлау науқанының ерекшеліктерімен, негізгі кезеңдермен және дауыс беру күніне дайындықпен қысқаша таныстырды. Сондай-ақ, 9 қаңтар күні сағат 00.00-де сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңі аяқталғандықтан, бүгінгі күн «тыныштық күні» екенін еске салды.
Кездесу қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өтті.