11 қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы өтті

11 қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы өтті

2021 жылғы 11 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын сайлау өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 40-бабына сәйкес сағ. 7:00-де Ассамблея Сессиясы өткізілген ғимаратта Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық сайлау комиссиясы дауыс беруге арналған пунктін ашты.

Дауыс беру пунктіне байқаушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық байқаушылар БАҚ қатысты.

Сайлаушылар тізіміне енгізілген Ассамблеяның 504 мүшесінің ішінен дауыс беруге 351 сайлаушы қатысты.

Дауыс беру аяқталғаннан және дауыстарды санағаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасады, оған комиссия төрайымы Б.Бектемісова қол қойды.

Сайлаушылар дауысы төмендегідей бөлінді:

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы үшін - 298

Амирханян Аветик Рубенович үшін - 270

Буларов Ильяс Юсупович үшін - 274

Дементьева Наталья Григорьевна үшін - 292

Ли Юрий Виссарионович үшін - 282

Набиев Вакиль Гусейнович үшін - 285

Осин Шамиль Абзалетдинович үшін - 271

Тохтасунов Владимир Имтахунович үшін - 277

Хамедов Абилфас Муслимович үшін - 290

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII Сессиясының дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жария етілгеннен кейін өзінің жұмысын аяқтады.