Үндістанның демократия және сайлауды басқару халықаралық институтындағы онлайн оқыту

Үндістанның демократия және сайлауды басқару халықаралық институтындағы онлайн оқыту

2021 жылғы 15-19 наурыз аралығында Үндістанның демократия және сайлауды басқару халықаралық институты (IIIDEM) ұйымдастырған «Сайлаушыларды тіркеу» тақырыбындағы онлайн-тренингке ҚР ОСК аппараты халықаралық ынтымақтастық бөлімінің қызметкері қатысты.

Онлайн-тренинг 20 шет мемлекеттің сайлау органдары өкілдерінің қатысуымен өтті және сайлаушылар тізімдерін ұйымдастыру мәселелеріне арналды. IIIDEM институтының тренерлері теорияны, практикалық аспектілерді және сайлаушыларды тіркеудің халықаралық тәжірибесінен дәрістер оқыды.

Онлайн-тренинг барысында сайлаушыларды тіркеу үшін әр түрлі ақпараттық жүйелерді пайдалану, шетелде жүрген, уақытша ұстау орындарындағы, ауруханалардағы азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу, сондай-ақ сайлаушылар тізімінен қайтыс болған адамдар мен азаматтығын өзгерткен адамдарды шығару туралы мәселелер көтерілді.