
ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 15 қазанда «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ә. Мутәліні тіркеу туралы» қаулы қабылдады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46, 97-1, 98-баптарына және «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2025 жылғы 14 қазандағы №010PQ қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабына сәйкес депутаттың өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.
ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров Әбутәліп Мутәліге Парламент депутатының куәлігі пен омырауға тағатын белгіні табыстап, депутаттық қызметіне табыс тіледі.