Меню

Страницы

Статья

Cайлау органдары

Республикадағы сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі – бес жыл. Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін мыналар құрайды:

  • Республиканың орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі ортсайлауком);
  • Аумақтық сайлау комиссиялары;
  • Учаскелік сайлау комиссиялары.

Ортсайлауком республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

Аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары өз қызметтерін қоғамдық негізде жүзеге асырады және оларды тиісті мәслихаттар саяси партиялардың ұсыныстары бойынша сайлайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың мәслихат белгілеген мерзімде ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау туралы заңда белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясын құратын мәслихат сайлау комиссиясының мүшесін сайлағанға дейін шығып қалғанның орнына сайлау комиссиясының мүшесін тағайындауға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Сайлау комиссияларының құрамында өкілі жоқ саяси партиялар сайлау науқанын әзірлеу мен өткізу кезеңіне кеңесші дауыс құқығын бере отырып өз өкілін тиісті сайлау комиссиясына жіберуге құқылы.

Дата публикации
22 июня 2016
Дата обновления
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
13 октября 2026
Үлгілік күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
Өңірлер бойынша ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы