Меню

Страницы

Статья

Бүгін 2017 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Сарапшылық-әдістемелік кеңестің отырысы өтті

Бүгін 2017 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Сарапшылық-әдістемелік кеңестің отырысы өтті.

Оған Ортсайлаукомның мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Т. Сейдуманов, Қазақстан Республикасы Заңнама институты директорының орынбасары Ж.О. Тілембаева, Заңнама институтының халықаралық заңнама және салыстырмалы құқықтану бөлімінің бастығы Абай Абылайұлы, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің деканы С.К. Амандықова және ЕҰУ профессоры Ш.В. Тлепина қатысты.

Күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша тіркеу негізінде сайлаушылар тізімін қалыптастыру ерекшеліктері туралы» мәселе шығарылды. Ортсайлауком басшысы Б.М. Имашев өз сөзінде азаматтарды тұратын жері бойынша уақытша және тұрақты тіркеуге қатысты жақында қабылданған нормативтік құқықтық актілер аясында бұл мәселенің маңыздылығын атап көрсетті.

Сарапшылық-әдістемелік кеңестің мүшелері уақытша тіркелген азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу туралы, жергілікті өкілді органдарға сайлауға уақытша тіркелген азаматтардың қатысу мүмкіндігі туралы мәселелерді талқылады.

Отырыста Сарапшылық-әдістемелік кеңестің мүшелері уақытша тіркелген азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізді, сонымен қатар сайлау туралы заңнаманы сайлаушылар тізіміне уақытша тіркелген азаматтарды енгізу бөлігінде одан әрі жетілдіру үшін туралы ұсыныстар әзірлеу жөнінде жемісті пікір алмасу болды.

 

 

 

Дата публикации
07 апреля 2017
Дата обновления
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
13 октября 2026
Үлгілік күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
Өңірлер бойынша ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы