Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Е.С. Бейсенбаевты тағайындау туралы» 2026 жылғы 9 ақпандағы № 280 өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.С. Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.