Маңғыстау облысы аумақтық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Маңғыстау облысы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 14 хатының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Маңғыстау облысы аумақтық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Гүлбаршын Жұмаахметқызы Қалданова тағайындалсын.
  2. Осы қаулы Маңғыстау облыстық мәслихаты мен Маңғыстау облысы аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Қаулы
Дата публикации
05 февраля 2026