С.А. Есмағанбетовті Қарағанды облысы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы  6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және С.А. Есмағанбетовтің міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2026 жылғы 5 қаңтардағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Саян Амантайұлы Есмағанбетов Қарағанды облысының аумақтық сайлау комиссиясы мүшесі міндеттерінен босатылсын.
  2. Осы қаулы Қарағанды облыстық мәслихатына және Қарағанды облысының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Қаулы
Дата публикации
19 января 2026