«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасындағы сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2026 жылға арналған шаралар кешені осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп электоралдық оқытудың субъектілерімен жоғарыда көрсетілген Шаралар кешенін іске асыру жөнінде іс-қимыл жасауды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Ш.Ә. Өтемісовке жүктелсін.
- Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.