«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Сарапшылық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 қазандағы № 100/590 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Сарапшылық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 қазандағы № 100/590 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңес туралы Ережеде:

4 тараудың 4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Кеңес отырыстарын Кеңес төрағасы қажеттілігіне қарай шақырады және өткізеді.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңестің құрамында:

«Өтемісов Шавхат Әнесұлы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы, Сарапшылық кеңестің төрағасы»;

«Аманжолова Гүлнәр Қабиденқызы Павлодар облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы»;

«Сәдуов Манарбек Айдарбекұлы Ақмола облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы» деген жолдар

мынадай редакцияда жазылсын:

«Жанәбілова Әсел Болатқазықызы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, Сарапшылық кеңестің төрайымы»;

«Қалықова Айгүл Оразқызы Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы»;

«Жүсіпов Нұрлыбек Мейірханұлы Ақтөбе облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы».

«Жаңабілова Әсел Болатқазықызы Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы (келісім бойынша)»;

«Баклажанская Татьяна Ивановна «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы (келісім бойынша)» деген жолдар

алып тасталсын.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаулы
Дата публикации
12 декабря 2025