2025 жылғы 30 қарашада өтетін Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 30 қарашадағы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың қоса беріліп отырған тізімі бекітілсін.
  2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаулы
Дата публикации
26 ноября 2025