Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ә. Мутәліні тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына және «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының  2025 жылғы 14 қазандағы № 010PQ  қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының бос мандаты «АMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Әбутәліп Мутәліге берілсін.
  2. Әбутәліп Мутәлі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
  3. Әбутәліп Мутәліге белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Қаулы
Дата публикации
15 октября 2025