2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
  • бағдарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында баяндау – 240 000  (екі жүз қырық мың) теңге;
  • сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару – 120 000  (жүз жиырма мың) теңге;
  • көліктік шығыстар - 65 000 (алпыс бес мың) теңге.
  1. Осы қаулы Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының сайлау комиссияларына жіберілсін.
  2. Жоғарыда көрсетілген облыстық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандар мәслихаттарының депутаттығына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
  3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Қаулы
Дата публикации
25 сентября 2025