2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда облыстар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Облыстар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
  • бұқаралық ақпарат құралдарында бағдарламамен баяндау – 400 000 (төрт жүз мың) теңге;
  • сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару – 170 000 (жүз жетпіс мың) теңге;
  • көліктік шығыстар - 100 000 (жүз мың) теңге.
  1. Осы қаулы Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік- Қазақстан облыстарының сайлау комиссияларына жіберілсін.
  2. Жоғарыда көрсетілген облыстық сайлау комиссиялары осы қаулыны аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
  3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Қаулы
Дата публикации
25 сентября 2025