Аумақтық сайлау комиссиясын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және Астана қаласы әкімдігінің және мәслихатының «Астана қаласында жаңа аудан құру, аудандардың шекараларын белгілеу және өзгерту туралы» 2024 жылғы 23 мамырдағы № 01-1763 және №181/22-VIII және «Астана қаласында құрылған жаңа ауданға атау беру туралы» 2024 жылғы 27 тамыздағы № 511-2765 және №209/26-VIII бірлескен қаулылары мен шешімдерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Астана қаласы «Сарайшық» ауданының аумақтық сайлау комиссиясы құрылсын.
  2. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаулы
Дата публикации
05 сентября 2025