А.Ж. Назарбековті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 16 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2 бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және А.Ж. Назарбековтің міндетінен өз еркімен босату туралы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Айхан Жамбылұлы Назарбеков Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 16 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
  2. Осы қаулы Жамбыл облыстық мәслихатына және Жамбыл облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын. 

 

Қаулы
Дата публикации
15 августа 2025