2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының жанында шет мемлекеттердің байқаушылары 1-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
  2. 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының жанында халықаралық ұйымдардың байқаушылары 2-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
  3. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына тиісті куәліктер берілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының хатшысы М.Т. Ерманға жүктелсін.
Қаулы
Дата публикации
02 октября 2024