Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі №1 және №2 округтік сайлау комиссияларының мүшелері міндеттерінен В.В. Рыжковты, С.Н. Байбековті, Б.Ж. Төребековті босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және В.В. Рыжковтың, С.Н. Байбековтің, Б.Ж. Төребековтің міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2024 жылғы 3 қаңтардағы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Вячеслав Васильевич Рыжков Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі №1 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

2. Сейдіқасым Ниязбекұлы Байбеков, Берік Жолмұханұлы Төребеков Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі №2 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі №1 және №2 округтік сайлау комиссияларына, Астана қаласының мәслихатына және Астана қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
31 января 2024