«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және А.О. Абельгазинаның міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2023 жылғы 28 желтоқсандағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Айгүл Омарқызы Абельгазина Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 18 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 18 округтік сайлау комиссиясына, Қарағанды облысының мәслихатына және Қарағанды облысының сайлау комиссиясына жіберілсін.