«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2023 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалған Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсының функционалын пайдалану регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы сайлауды дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Қостанай облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсында жариялансын.