«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Б.Б. Турабаевты міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 12 қыркүйектегі өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бейбіт Батырбекұлы Турабаев Алматы қаласы сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Алматы қаласының мәслихаты мен Алматы қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.