«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық референдумның құжаттарын сақтау қағидалары бекітілсін.
2. Референдум комиссиялары республикалық референдум құжаттарын сақтау жөніндегі жұмыста осы қаулыны басшылыққа алсын.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.