2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы

«Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының жанында халықаралық ұйымдардың байқаушылары 1-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.

2. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының жанында шет мемлекеттердің байқаушылары 2-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.

3. Халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттердің байқаушыларына тиісті куәліктер берілсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының хатшысы М.Т. Ерманға жүктелсін.

Дата публикации
24 мая 2022