«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы № 2592 Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес дайындалатын дауыс беругеарналған бюллетеньдердің саны белгіленсін.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының референдум комиссиялары референдум учаскелерін қамтамасыз ету үшін 2022 жылғы 28 мамырға дейінгі мерзімде осы қаулыға қосымшаға сәйкес мөлшерде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан РеспубликасыОрталық референдум комиссиясының хатшысы М.Т. Ерманға жүктелсін.