«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы № 2592 Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады деп айқындалсын.
2. Осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігінің және есептен шығару куәлігін алуға өтініштің нысандары белгіленсін.