«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9, 12, 44 және 81-баптарына сәйкес Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Алматы облыстық сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленсін:
Гүлмира Асқарқызы Ахметоваға 47 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 13,58 пайызы берілді;
Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаевқа 294 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 84,97 пайызы берілді.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев сайланған болып есептелсін.
3. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.