«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы №3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженің 15-тармағының 36) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 21 қарашадағы №62/108 қаулысымен бекітілген сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықпен және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы келіп түскен құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Георгий Константинович Иорданиди Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Закиржан Пирмухамедович Кузиевтің сенім білдірілген адамы болып тіркелсін.
2. Феликс Викторович Урнявичус Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Виталий Ионо Тварионастың сенім білдірілген адамы болып тіркелсін.
3. Сенім білдірілген адамдарға тиісті куәліктер берілсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.