«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 89-бабының 5 және 6 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған депутаттыққа кандидаттар ретінде тіркелсін:
Закиржан Пирмухамедович Кузиев;
Виталий Ионо Тварионас.
2. Тіркелген, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға куәліктер берілсін.
3. Тіркелген кандидаттар сайлау бюллетеніне енгізілсін.
4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратының талдау және коммуникациялар бөлімі Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды осы қаулыға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.