«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау және мерзімді баспасөз басылымдарында екі мақала жариялау 300 000 (үш жүз мың) теңге сомасында;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару – 70 000 (жетпіс мың) теңге;
3) көліктік шығыстар - 80 000 (сексен мың) теңге.
2. Осы қаулы Алматы облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
3. Алматы облыстық сайлау комиссиясы осы қаулыны тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың назарына жеткізсін.