Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір

қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1996 жылғы 19 қаңтардағы № 44 «Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының куәлігі мен төсбелгісі туралы» қаулысы;

2) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 60/393 «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1996 жылғы 19 қаңтардағы № 44 «Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының куәлігі мен төсбелгісі туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы;

3) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 15 наурыздағы № 29/125 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының омырауға тағатын белгілерінің үлгілерін бекіту туралы» қаулысы.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға                                                                                      Н. Әбдіров 

  

Хатшы                                                                                      Ш. Өтемісов



Астана қаласы 

2026 жылғы 13 қазан 

№ 59/97

Дата публикации
13 октября 2026