
1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданы «Темір» совхозында туған.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1986) бітірген. Тарихшы, шетел тілінде оқытатын тарих пәнінің оқытушысы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті(1998), заңгер.
Еңбек қызметін 1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтының ассистенті, тәлімгері болып бастады.
1993-1999 «Яшар холдинг» компаниясының өңірлік менеджері, Алматы қ.
1999-2005 «Алматыжарнама» МК директоры, Алматы қ.
2005-2006 «Асар» республикалық партиясы» РҚБ Орталық аппараты хатшысының орынбасары, хатшысы, Алматы қ.
2006-2008 «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары, Астана қ.
03.2008-11.2008 «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының хатшысы, Астана қ.
2008-2013 «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары, Астана қ.
2013-2014 «Евразия» бірінші арнасы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, Астана қ.
2014-2016 ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы аппаратының басшысы, Астана қ.
2016 жылдан бастап – алтыншы сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.
2018-2021 Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
01.2021-03.2022 жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.
30.03.2022 ж. - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып сайланды.
30.03.2022-13.11.2024 ж. - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.
13.11.2024 ж. - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.